АӨК-дегі субсидиялау көлемдері 2014 жылы 1,7 есеге артты – Б.Сұлтанов

2014 жылы республикалық бюджеттен агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бөлінген қаражат көлемі 2013 жылдың көлемінен 1,7 есеге асып түсті, деп мәлімдеді бүгін ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында, онда...


Толығырақ...

Қазақстанның аграрлық ғылым алаңына не шығады?

Қазақстанның аграрлық ғылымы қазіргі уақытта бірқатар реформалардан өтіп жатыр. Оның нәтижесі жаңа ғылыми және басқарудың инновациялық жүйесі болып отыр, ол заманауи технологияларды енгізу және агроөнімнің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру...


Толығырақ...
12

АӨК-дегі субсидиялау көлемдері 2014 жылы 1,7 есеге артты – Б.Сұлтанов

2014 жылы республикалық бюджеттен агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бөлінген қаражат көлемі 2013 жылдың көлемінен 1,7 есеге асып түсті, деп мәлімдеді бүгін ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында, онда Үкіметтің 2014 жылға республикалық бюджетін орындау туралы есеп қаралды.

«2014 жылы субсидиялар көлемі 149 млрд теңгені құрады, бұл 2013 жылдан 1,7 есеге артық. Олардың ішінде өсімдік шаруашылығына 70 млрд астам теңге, мал шаруашылығына - 50 млрд теңге субсидия жұмсалды», - деді Б.Сұлтанов.

 

Сонымен бірге, ол 2014 жылы көктемгі-дала және астық жинау жұмыстары 3,4 млн астам га аумақта жүргізілгенін атап өтті. Жалпы 313 млрд теңге сомаға несиелерді қайта қаржыландыруға АӨК субъектілерінің 292 өтінімі мақұлданды. Сондай-ақ, министрдің мәліметінше, республика бюджетінде 2014 жылы қаражаттың үштен бір бөлігінен астамы немесе 38% әлеуметтік салаға жұмсалды. Экономикалық қызметке 27%, құқық қорғау блогіне және қорғанысқа - 13%, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызмет көрсетуге – 6% бағытталған.

Ақпарат көзі: http://www.primeminister.kz/news/show/29/obemy-subsidirovanija-v-apk-v-2014-godu-uvelichilis-v-17-raza-bsultanov/17-06-2015

Біздің журнал

Бас редактор бағаны

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30