АӨК-дегі субсидиялау көлемдері 2014 жылы 1,7 есеге артты – Б.Сұлтанов

2014 жылы республикалық бюджеттен агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бөлінген қаражат көлемі 2013 жылдың көлемінен 1,7 есеге асып түсті, деп мәлімдеді бүгін ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында, онда...


Толығырақ...

Қазақстанның аграрлық ғылым алаңына не шығады?

Қазақстанның аграрлық ғылымы қазіргі уақытта бірқатар реформалардан өтіп жатыр. Оның нәтижесі жаңа ғылыми және басқарудың инновациялық жүйесі болып отыр, ол заманауи технологияларды енгізу және агроөнімнің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру...


Толығырақ...
12

Қазақстанның аграрлық ғылым алаңына не шығады?

Қазақстанның аграрлық ғылымы қазіргі уақытта бірқатар реформалардан өтіп жатыр. Оның нәтижесі жаңа ғылыми және басқарудың инновациялық жүйесі болып отыр, ол заманауи технологияларды енгізу және агроөнімнің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы агро-өнеркәсіптік кешенге индустриаландыру үрдістерін жеделдетуге бағытталған. 

 


Нақты айтқанда, еңбек өнімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімінің экспорттық әлеуетін арттыру жүзеге асырылды. АӨК талаптарына сәйкес келетін жаңа ғылыми әзірлемелер жасау және енгізу басталды. Сондай-ақ, шетелдік агротехнологияларын мониторингілеу және олардың Қазақстан шарттарына ейімделуі жүргізілді. Бұдан өзге, саладағы саладағы білімнің таралуы және берілуі ретке келтірілді үздік әлемдік іс-тәжірибе, корпоративтік басқару және халықаралық стандарттар енгізу арқылы ғылыми ұйымдар дамып келеді. 

АӨК-нің ғылыми-техникалық сферасында адами ресурстарды дамыту және ғылыми-техникалық инфрақұрылымды жетілдіру басты рөл ойнады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің 25 ғылыми-зерттеу ұйымының базасында басқарушы компания - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы құрылды, ол қазіргі таңда ғылыми инновациялық мәселелерді тиімді шешіп келеді. Басқарушы компания құрылғалы бері аграрлық ғылымды дамытуға 17 миллиардатн астам теңге жұмсалды. Республиканың аграрлық ғылымы мемлекеттік сұрып сынауына жоғары өнімділігімен, сондай-ақ сапасыман және сыртқы орта факторларына төзімжілігімен сипатталатын ауыл шаруашылығы және басқа да дақылдардың 187 жаңа сұрпын берді. Ғылыми жұмыстар барысында ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерін шығару бойынша 48 агротехнология жасалып, жетілдірілді, су шаруашылығына арналған аспаптар мен құрал-жабдықтардың тәжірибелі үлгілері жасалды; ауыл шаруашылғы өнімдерін, азық-түлік рецептурасын, комбикормды өңдеу және сақтау, сондай-ақ 55 техникалық регламент, шарттар және стандарттар жасалды.

Ауыл шаруашылығы малдарының 39 түрі шығарылып, апробацияланды. Сондай-ақ, құстар мен балықтарды ұстау және жемдеудің жаңа технологиялары жасалды; 58 вакцина мен емдік препарат ашылды. Бұдан өзге, ауыл шаруашылығы экономикасы саласында ұсыныстар, бірқатар аналитикалық материалдар мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру үшін берілді. Көліктер мен құрал-жабдықтарға қатысты бұл мәселеде инновациялардың болуы анық. Ғалымдар 50 тәжірибелі үлгі жиналды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тектік қор саласында айтарлықтай нәтижелер бар. Егін шаруашылығында ресурс үнемдейтін технологиялар мен ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерін өңдеу бойынша 12 жаңашылдық ұсынылды, республиканың табиғи-климаттық шарттарына бейімділген. 
Әзімхан Сатыбалдин, «Қазагроинновация» АҚ басқармасының төрағасы

Ғылыми зерттеулермен азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы механизациясы, АӨК экономикасы мен ауылдық аумақтарды дамыту саласын дамытудың басымдықты бағыттар қамтылған. Біз ірі астық экспортшылары болып табыламыз, етті экспорттау бойынша әлемдік нарықтарғаа шығамыз. 

Астық шаруашылғы – Қазақстандағы егін шаруашылығының басты саласы. Қазақстан әлемдегі астық өндіретін ірі елдердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары астық дақылдарының жалпы егістіктері ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабының 80%-дан астамын алып жатыр. Елімізде 20 миллионға жуық тонна астық өндіріледі, бұл Ресей және Украинамен деңгейлес екенімізді көрсетеді. Астықтың орташа өнімділігі бір гектардан 10-14 центнерді құрайды. Қазақстандық астықты ээкспорттаудағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жалғыз проблема экспорт инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы болып отыр. Қазіргі уақытта астық өндірісі бір қалыпқа келген соң, бұл мәселе тіпті өзекті болды. Қазіргі таңда жетіспеушілік үш өңірде бар, ол элеваторлық қуаттылықтардың шамамен 1,5 миллион тоннасын құрайды. «Қазақ-Астық» ақпараттық агенттігінің мәліметінше, егін егетін аймақтарда лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында 11 миллион тоннаға жуық, 5 миллионнан астам тонна – қырмандар мен қоймаларда сақтауға мүмкіндік бар. 

Дулат Айтжанов, «Қазагро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы

«ҚазАгро» холдингі арқылы біз нақты жобаны жүзеге асырамыз - бұл астық қойймалары құрылысы және оларды жетілдіру. Қаржыландыру төмен пайыздық мөлшерлеме бойынша жүргізілуде. Бүгінгі таңда 20 астық қоймасын құрылыс және жетілдіруге ақша бөлінген. Олардың жартысынан көбі Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға берілген. 

Қазақстандағы жағдайды қарай отырып, әлемдік нарықта өз позицияларын көтеру үшін жоғары әлеует бар. Қазақстан астық дақылдарының үлкен көлемлдерін өсіруге тейімделгендіктен тауардың өзіндік құны жоғары емес деңгейде сақталып келеді. Аталған айғақ астық дақылдарын әлем нарығына жэкспорттауға мүмкіндік береді, осылайша еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Тағы бір фактор жердің жеткілікті болуы. Алайда астық дақылдарының өндірісін тежейтін жағымсыз факторлар да бар: инновациялық технологияларды жеткіліксіз енгізу, ауыл шаруашылығы өндірушілерін әлсіз техникалық жабдықтау, агрохимиялық іс-шаралар өткізудің жеткіліксіз деңгейі. Мемлекеттік қолдаудың, сондай-ақ саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды енгізудің арқасында Қазақстан көптеген артықшылықтарға ие бола алады. Оның негізгі артықшылықтары мыналар болмақ: өсімдік шаруашылығы өнімін өндірудің көлемдерін арттыру, өндіріске ылғал ресурстарын үнемдейтін заманауи технологияларды, кең ауқымды химияландыруды енгізу, айналымға жаңа және қазір пайдаланылатын суармалы жерлерді тарту.

Біздің журнал

Бас редактор бағаны

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30